in

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

Астанада Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Семинардың ашылуында Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылындағы бастауыш білім берудің негізгі міндеттері мен басым бағыттарына тоқталып, енгізілетін өзгерістерді барлық өңірде сапалы әрі бірізді іске асырудың маңызын атап өтті.
Жазғы сессия жаңа оқу жылы қарсаңында бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістерді талқылауға, оларды тәжірибеге енгізудің ортақ тәсілдерін қалыптастыруға және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
Пленарлық отырыс пен тақырыптық воркшоптар аясында жаңа Конституция құндылықтарын, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын, «Заң мен тәртіп» қағидатын, жаңартылған оқу бағдарламаларын, бағалаудың жаңа тәсілдерін және жасанды интеллект құралдарын бастауыш білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқылануда.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлерінде жаңа оқу жылындағы өзгерістерді сапалы іске асыруға қажетті тәжірибе мен әдістемелік ұсынымдарды жетілдіріп, тиімді тәжірибелерді тарату жұмыстарын жалғастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.