Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Серік Жамбылұлы Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі: 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.
2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, Батыс Қазақстан табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы;
2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Қаржы басқармасының жетекші, бас маманы;
2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы, директордың орынбасары;
2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болған.
2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы тамызға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2012 жылғы тамыздан 2015 жылғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
2016 жылдан 2018 жылғы 28 маусымға дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.
2018 жылдан Атырау облысы әкімінің орынбасары;
2020 жылдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары;
2021-2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.