in

Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған  KÖLEÑKE  (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды. Фестиваль мамандары туындыдағы авторлық қолтаңба мен көркемдік ерекшелікті жоғары бағалады.

 KÖLEÑKE  жобасын отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі. Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.

Бұдан бөлек, «Қазақанимацияның» фолк-хоррор жанрындағы  Su perisi  мен  Shańyraq  драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасынан орын алды. Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.