in

Қос жүлде еншіледі

Режиссер Думан Еркімбектің Qaitadan фильмінде бас­ты рөлді сом­даған Жасұлан Көпберген «Үз­дік актер» деп танылды. Ал Фархат Шар­иповтың «Эвакуация» филь­мін­­дегі жұмысы үшін Александр Пло­тников «Үздік оператор» ма­ра­­­патын алды.

Qaitadan – Думан Еркімбектің ал­ғашқы толықметражды фи­льмі. Туын­дыны  Мәдениет және ақ­па­рат министрлігі мен Ұлттық ки­но­ны қолдау мемлекеттік орта­лы­ғы­ның қол­­дауымен Dala Cinema ки­но­компаниясы түсірген. Бұл – мем­лекеттік қолдаумен түсірілген отан­дық фильмдердің ішін­де про­­­­каттағы табысы 1 млрд теңге­ден асқан алғашқы туын­ды. Фи­льм­­де ауылға келген қалалық жі­гіт­тің уақыт тұза­ғына түсіп, бір оқи­ғаны қайта-қайта бастан кешуі баян­далады. Туындыда жауапкер­ші­лік, жанашырлық пен ұрпақ­тар са­­бақ­тастығы тақырыбы қозға­ла­ды.

«Эвакуация» тарихи драмасын Шәкен Айманов атын­дағы «Қа­зақ­фильм» ұлттық киностудиясы түсірген. Фильм Ұлы Отан соғысы жыл­дарында Қазақстанға кө­ші­ріл­ген адам­дардың тағдырын баян­дайды. Туындының режис­се­рі, сце­­­­­нарий авторы әрі продюсері – Фархат Шарипов.

Киносыйлыққа үміткерлердің қо­рытынды тізіміне ми­нистрлік пен Кино орталығының қолдауы­мен түсіріл­ген Әділ Мерекенің «Күз­гі самал» және Гүлшат Сма­ғұлова­­­ның «Шатырдағы екеу» фи­льм­дері де енді.

Биылғы байқауда 19 елден 41 фильм сынға түсті. Жеңім­паздар 12 аталым бойынша анықталды.