in

Жамбылдың 180 жылдығына орай кеш өтті

Кеште Ерболат Шалды­бе­ков, Гүлниза Жұма­жанова, Пери­зат Тұрарова, Күнсұлу Тү­рік­пен, Аяулым Қамажан, Пе­ри­зат Омарбекова, Біржан Ай­тах­мет, Мақпал Тоқтағанова сын­ды өнерпаздар мен Gulder ан­самблі өнер көрсетті. Со­нымен қатар композитор Ермұрат Үсеновтің «Жамбылға арнау» атты жаңа шығармасы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің орын­дауын­да алғаш рет көптің назарына ұсынылды.

Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың «Жиыр­ма бес», «Сарыбайға», «Қайта келген жастық», «Жаз», «Алғадай», «Ақындарға арнау», «Үгәй-үгәй» шығармалары, сондай-ақ ақын нұсқа­сын­дағы «Қыз Жібек» пен «Көроғлы» жырларынан үзінді­лер орындалды. Көрермендер Жамбыл мен Ай­кү­містің айтысынан да үзінді тамашалады.

Концерт бағдарламасына Сүйінбай Аро­нұлы­ның, Қабан жыраудың, Кенен Әзірбаевтың, Төле­ген Момбековтің, Латиф Хамидидің, Шашубай Қош­қарбаевтың, Нартай Бекежановтың, Майасар Жапақовтың және Қалқа Жапсарбаевтың шы­ғармалары да енді.

Айсұлу СЪЕЗХАН