in

Белгілі блогер Әділет Айтжановтың анасы қайтыс болды

Белгілі блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаралы хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, анасына арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

– Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерге көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.