Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болатынын болжап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шығыста жел 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін. Қызылорда облысында найзағай, дауыл және желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанған. Желдің екпіні кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында да тұман, жаңбыр, жел күшеюі және жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтап, дауылды ескертулерді бақылау ұсынылады.