in

Әзірге жүлде жоқ: Қазақстан ескекшілері әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді.

Спортшы бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында бақ сынады.

Мария Бровкова қашықтықты 02:06.33 уақытта жүзіп өтіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды – 02:00.78. Венгриялық Агнес Анна Кис мәреге екінші болып жетті – 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді – 02:04.80.

Айта кетейік, бүгін, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған болатын