in

«Еріңе сенбе, екі босағаңа сен…»: актриса Жанель Мақажан жазбасымен оқырманды алаңдатып қойды

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырманды алаңдатып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.

«Еріңе сенбе, екі босағаңа сен» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін… 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен. Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көштім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін. Кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! «Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса» дедім өзіме», – деп жазды актриса.

Өнер иесі қоғамда талқыланып жатқан оқиға туралы да ой бөлісті.

«Қыздар, кешегі 19 жастағы қаршадай қыздың тағдыры да бәрімізге ауыр тиді. Қыздың өмірлік мәні тұрмыс құру емес, өмір сүру. Бақытты өмір сүру. Ойларыңызбен бөлісе отырыңыз», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына қарап, оны күйеуі, актер Абай Асылханмен ажырасқан деп болжам жасап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.