in

Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Братиславада (Словакия) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевті сенімді түрде жеңді.

Бекасылдың келесі қарсыласы жапониялық Ицуки Енасиро болмақ.