in

Қазақстанда заңсыз әкелінетін көліктерге бақылау күшейтіледі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елге автомобильдерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін 10 күн ішінде әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, Қазақстанға техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктердің заңсыз әкеліну фактілері әлі де тіркеліп отыр. Премьер-министр мұны кеден заңнамасын сақтаудағы олқылықтармен байланыстырды.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне заңсыз көлік импортын болдырмауға бағытталған нақты шаралар әзірлеу тапсырылды.

«Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша нақты ұстаным болуы керек. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу тетіктері биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі тиіс. Сондай-ақ қабылданған барлық шаралар бойынша халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет», – деді Олжас Бектенов.