in

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 миллиард долларды

құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.

Экспорт көлемі 24 миллиард $, ал импорт көлемі 20,9 миллиард $ құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 миллиард $), Қытай (6 миллиард $), Германия (1 миллиард $), АҚШ (0,9 миллиард $) және Оңтүстік Корея (0,5 миллиард $) болды.

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 миллиард $), Италия (4 миллиард $), Ресей (2 миллиард $), Түркия (1,7 миллиард $) және Өзбекстан (1,4 миллиард $) елдері болды. 

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.