Әнші Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті. Айтуынша, Алания қаласынан бизнес-класс санатындағы үш бөлмелі пәтер алған.
«Достар, қалдарыңыз қалай? Пәтерімізді қабылдап алуға келдік. Бұған дейін макетін көрсеткен едім. Көпшілік мұны Аланиядағы ең мықты бизнес-класс тұрғын үй деп айтады. Меніңше, тек Аланияда емес, бүкіл Түркиядағы ең үздік кешендердің бірі сияқты. Көптеген тұрғын үйдің фото-видеосын көрдім, бірақ Kingdom ерекше әсер қалдырды. Біз екінші қабаттан алдық. Мұнда хамам, бассейн, супермаркет бар. Тұрғындарға барлық жағдай жасалған», – деді әнші.
Ол енді пәтерге жиһаз таңдап жүргенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.