in

Еңбек демалысы мен жалақы дауы: Атырауда 3 мыңнан астам шағым тіркелді

Конституция еңбек адамының құқығын қорғау тетіктерін күшейтті. Бұл өзгеріс жұмысшыларға лайықты әлеуметтік кепілдік береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Көптеген жұмыс берушілер табысты алдыңғы орынға қойып,  еңбек тәртібін сақтай бермейді. Мәселен, Атырау облысындағы еңбек инспекциясына жыл басынан бері 3 мыңнан астам шағым түскен.  Әсіресе, еңбек демалысын бермеу, еңбек шартын жасамау,  түнгі, демалыс уақытта жұмыс атқарған үшін тиісті жалақыларын алмау мәселелерімен жүгінген. Енді жаңа құжатта бұл жауапкершілік тайға таңба басқандай көрсетілген.

Конституцияға сәйкес,  демалыс күндері жұмыс атқарғанда, түнгі уақытта жұмыс атқарғанға әрбір жұмыскер жұмыс адамы тиісті еңбекақысын алуға кепілдік  береді жаңа конституциямен,-дейді Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Жаңыл Ермекқалиева.