Бурабай ұлттық паркінде найзағай түсуінен шыққан орман өрті дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 17 маусым күні Бурабай орманшылығы аумағындағы ағашқа найзағай түсіп, өрт шыққан. Өрт ошағын “Smart” ерте анықтау жүйесі бірден тіркеп, мамандарға жедел әрекет етуге мүмкіндік берген.
Өрт небәрі 0,001 гектар аумақты қамтыған. Оны сөндіруге 20 маман мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:39-да толық оқшауланды.
Министрлік мәліметінше, өрт жетуі қиын жартасты аумақта болғанына қарамастан, қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында оның кең аумаққа таралуына жол берілген жоқ.
Қазір оқиға орнында өрт салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.