Әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өмірден өткен марқұм анасына деген сағынышын жеткізді.
“Ассалаумуағалейкум ағайын-туысқандар! Анамның қайтқанына 18 жыл өтіпті! Өмір шынымен де тез екен! Аз өмірімізде сыйластықтан артық ештеңе жоқ екен! Анамыздың жұмақтың төрінен болуына, барлығымыздың дұға-тілектеріміз қабыл болсын! “Әмин”деп қолдаған елге мың алғыс! Алла разы болсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, көңіл айтты.
“Апамыздың жатқан жері жұмақтың төрі болсын! Артында қалған ұрпағына шапағатшы болсын”,”Жаны жәннатта болсын”, “Жаны жұмақта шалқысын”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.