Ұлттық Банк делегациясы Төраға Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында АҚШ Сауда палатасының (US Chamber of Commerce) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесу барысында:
– Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүзеге асырылған шаралар;
– екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясындағы перспективалар мен жобалар;
– инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.