in

Үндістанда тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапқан. Қайтыс болғандар арасында ұшқыш та бар, – деп мәлімдеді kursiv.media.

Ресми деректерге сәйкес, тікұшақ бортында бес ересек адам, бір нәресте және бір экипаж мүшесі болған. Ол Гупткаши қаласынан таңғы 5:10-да ұшып шығып, 5:18-де Кедарнатх храмының тікұшақ алаңына қонған. Бір минуттан соң, қайтадан әуеге көтеріліп, сағат 5:19-да Гупткаши қаласына бағыт алған. Алайда жолдағы Гаурикунд маңында апатқа ұшыраған.

Апаттан кейін жергілікті билік пен құтқарушылар апат орнына дереу жетіп, жағдайды бақылауға алған. Қазіргі уақытта құтқару операциясы жалғасып жатыр. Апаттың себептері әлі де анықталады. Тексеріс жүріп жатыр.

Сонымен бірге билік Уттаракханд штатының таулы аймағында ауа райы қолайсыз жағдайда ұшу өте қауіпті екенін ескертті. Соңғы жылдары дәл осы аймақта бірнеше әуе апаты тіркелгені хабарланады.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ғана, Үндістанда «Боинг» ұшағы әуеге көтеріле сала құлаған болатын. Апат салдарынан ұшақта және жерде адам шығыны көп болды. Алғашқыда рейске отырған барлық жолаушының қаза тапқаны айтылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.