in

Ыстамбұлда дөнер желісінің 32 қызметкері террорлық ұйыммен байланысты деген күдікпен қамауға алынды

Ыстамбұлда Maydonoz Döner дөнер желісіне қатысты террорлық ұйыммен байланысы бар деген күдікпен жүргізілген операция барысында 32 адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

TRThaber мәліметінше, тергеу нәтижесінде компания есепшоттары арқылы ұйым мүшелеріне қаржылай қолдау көрсетілгені анықталды. Жергілікті Қаржы мониторингі агенттігі 74 филиалдың 29-ы тіркелмеген серіктестер арқылы жұмыс істеген дейді.

Операция Ыстамбұлмен қатар бірнеше қалада бір уақытта өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз