in

Ресей мен Украина президенттері кездеседі

Хакан Фиданның айтуына қарағанда, кездесудің форматы мен шарттары Ыстамбұлда өткен келіссөздер барысында талқыланған. Алайда саммиттің нақты қашан болатыны белгісіз.

Мәскеу мен Киев әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, өткен сәрсенбі күні Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды өтті. Онда тараптар қақтығысты реттеу жайын талқылады. Келіссөздер небәрі 40 минутқа созылды. Тараптар бұл басқосуда да тұтқындарды айырбастауға келісті. Сөйтіп екі ел 3 жылдан бері кепілде отырған 1200 сарбазды еліне қайтарады.

Ресей тарапы Киевке саяси, гуманитарлық және әскери мәселелер бойынша үш онлайн жұмыс тобын құруды ұсынды. Бұл жұмыс тобы үдерісті тездетуге тиіс. Мұнан бөлек, Мәскеу Украина тұтқында ұстап отырған Курск облысындағы 30 адамды еліне қайтаруды сұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.