Криштиану Роналдудың бұрынғы жеке күзетшісі Хичман Бухари әйгілі футболшыны қорғағаны үшін қанша жалақы алғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Португалиялық жұлдыздың экс-күзетшісі Бухари күн сайын 1000 еуро (шамамен 581 мың теңге) табыс тапқан. Осылайша, ол Роналдуды қорғаған жылдары 1,5 миллион еуроға (871,5 миллион теңге) жуық қаржы тапқан.
Айта кетерлігі, марокколық күзетші Роналдудың қауіпсіздік тұрғысынан аса қиын клиент болмағанын мойындады.
«Біздің жұмыс клиенттің профиліне байланысты. Мен Криштианумен төрт жыл жұмыс істедім. Ол аса қауіпті санатқа жатпайтын, өйткені оны өлтіргісі келгендер немесе тікелей өлім қаупі төндіргендер болмады. Көбіне фанаттар немесе тонамақ болған адамдардан қауіп туындайтын. Кейде папарация немесе фанаттарға байланысты келеңсіз оқиғалар болып тұратын, бірақ ешқандай елеулі қауіп болған жоқ. Ол – мен жұмыс істеген ең керемет бастық», – деп келтіреді Бухаридің сөзін испан тіліндегі басылымдар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду тарихтағы ең көп табыс тапқан спортшылардың тізіміне енген еді. Ол бұл тізімде Майкл Джордан мен Тайгер Вудстан кейін үшінші орынға жайғасты. Роналдудың байлығы 2,23 миллиард доллар (шамамен 1,1 триллион теңге) деп бағалануда.