Бірер сағат бұрын АҚШ әуе күштері Ирандағы бірнеше ядролық нысанға жойқын соққы жасағанын растады.
Президент Трамп бұл шабуылды «стратегиялық және алдын ала ескертілген қадам» деп сипаттады.
«Біздің мақсатымыз – Иранның ядролық байыту мүмкіндігін жойып, ядролық қауіптің алдын алу болды. Бүгін түнде әуе соққылары – әскери тұрғыда керемет жетістікке жетті. Иранның басты ядролық байыту нысандары толығымен жойылды. Иран енді бейбітшілікке келуі керек. Егер олай болмаса, келесі соққылар бұдан да жойқын болады», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.