in

АҚШ–Иран текетіресі: теңіз жолы жабылып, кемелерге ескерту жасалды

Осылайша, АҚШ-пен келіссөздер аясында теңіз жолын ашу туралы шешім күшін жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ислам революциясы сақшылары корпусы кемелерге бұғазға жақындамауды ескертіп, талапты бұзған жағдайда олар нысанаға алынатынын хабарлады. Сондай-ақ Парсы және Оман шығанақтарындағы кемелерге якорь тұрағынан шықпау туралы бұйрық берілген.

Иран тарапы Вашингтонды уәдесін бұзды деп айыптап, теңіз блокадасы толық алынбайынша бақылау сақталатынын айтты.

Өз кезегінде Дональд Трамп АҚШ-тың қысымға көнбейтінін мәлімдеп, келіссөздер жалғасып жатқанын жеткізді.

АҚШ дерегінше, блокада басталғалы 20-дан астам кеме кері қайтарылған. Ал Ұлыбритания бақылау қызметі бірнеше кемеге шабуыл жасалғанын хабарлады. Олардың ішінде Үндістан туымен жүрген кемелер де бар.

Қазіргі таңда аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр, ал тараптар арасындағы бітім мерзімі 22 сәуірде аяқталады.