in

COVID-19 пандемиясы әлем балаларының өміріне орасан әсер етті

COVID-19 пандемиясы әлем балаларының өміріне орасан әсер етті. Бұл жайлы Аikyn.kz сайты BBC Future сілтеме жасап хабарлайды.

BBC мәліметінше, мектептердің жабылуы мен онлайн оқуға көшу салдарынан білім беру деңгейінде күрделі теңсіздіктер туындады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары оқу құралдары мен интернетке шектеулі қол жеткізгендіктен, оқу үлгерімінде артта қалу жиілеген.

Пандемия балалардың психикалық денсаулығына да айтарлықтай әсер етті. Оқшаулану, достарымен байланыссыз қалу және белгісіздік жағдайы олардың мазасыздық, депрессия және жалғыздық сезіміне шалдығуына себеп болды. Көптеген балада сөйлеу, қарым-қатынас және эмоциялық даму тежеліп, мектепке бейімделуде қиындықтар байқалуда.

Сондай-ақ қозғалыс азайып, экран алдындағы уақыт ұзаруы балалардың физикалық дамуын да бәсеңдетті. Ұйқы режимі бұзылып, семіздік деңгейі артты. Сарапшылардың айтуынша, бұл салдарлар ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, сондықтан балаларды қолдау үшін кешенді білім беру, психологиялық және әлеуметтік бағдарламалар қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз