Apple-дің тағы бір жаңашылдығымен slashgear.com хабарламасына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz таныстырады.
Интерфейс элементтері iPhone, iPad және Mac құрылғыларының дөңгеленген бұрыштарымен үйлестірілген. Фото wired.com сайтынан алынды. Авторлығы: Apple
Дизайн тілінде «сұйық әйнек» деген жаңа ұғым пайда болды. «Сұйық әйнек» (Liquid Glass) тәсілінің негізі iOS 7 нұсқасында қаланған болатын. Бұл жолы әйнектің мөлдірлігі мен нәзік үшөлшемді эффектілері толыққанды қолданылып отыр. «Камера» мен «Фотосуреттерде» «сұйық әйнек» интерфейстегі артық элементтерден арылуға көмектеседі.
Apple-дің дизайн жөніндегі вице-президенті Алан Дайдың айтуынша, «сұйық әйнек – жартылай мөлдір және нақты өмірдегі әйнек тәрізді әрекет етеді». Компания интерфейс элементтері толықтай қайта жасалғанын, олардың формасы iPhone, iPad және Mac құрылғыларының дөңгеленген бұрыштарымен үйлестірілгенін хабарлады. Қосымша түймешіктерден бастап хабарлама панельдеріне, басқару орталығы мен виджеттерге дейін барлығы Liquid Glass стилінде жаңартылған.
Жарық және қараңғы режимдер мен түрлі-түсті эффектілер қолданылғанда әйнекке тән эстетика сақталады. Фото reddit.com сайтынан алынды. Авторлығы: Apple
Жарық және қараңғы режимдер арасында ауысқанда немесе түрлі-түсті эффектілер қолданылғанда да, әйнекке тән эстетика сақталады. Жаңа жүйелік түймешіктер мен интерфейс элементтерінің «all-clear» бейнесі осы стильдің басты көрінісі болмақ. Мұндағы мақсат – экрандағы батырмалар мен мәзірлердің фон түсіне икемді түрде бейімделуі.
Apple сонымен қатар экранда орын үнемдеуді басты назарға алған. Жинақы терезелер осы дизайндағы негізгі жаңашылдықтардың бірі. Бұл эстетикалық бейімделгіштік құлыптау экранына дейін таралады. Мысалы, таңдалған тұсқағазға және хабарландыру баннерлерінің қозғалысына қарай сағат өлшемі автоматты түрде өзгереді.
Ал сіздің құрылғыңыз бұл жаңартуға дайын ба? Liquid Glass стилі келесі жүйелермен бірге ұсынылады: iOS 26, iPadOS 26, macOS 26, Vision OS 26, watchOS 26, tvOS 26.
Жасақтаушылар үшін бета-нұсқалар қазірден қолжетімді бола бастады. Ал жаппай қолданысқа бета-нұсқалар 2025 жылғы шілде айында шығарылады. Тұрақты, соңғы нұсқа күзде пайда болады. Дегенмен барлық құрылғылар бұл дизайнды қолдай бермейді. WatchOS 26 мына сағаттарға орнатылады: Apple Watch Series 6 және одан кейінгі нұсқалар; Apple Watch Ultra (1 және 2 буын); Apple Watch SE (2-буын).
«Сұйық әйнек» iPhone-ның мына модельдерінде қолжетімді болады: iPhone 16 сериясы; iPhone 15 сериясы; iPhone 14 сериясы; iPhone 13 сериясы; iPhone 12 сериясы; iPhone 11 сериясы; iPhone SE (2-буын).
Ал Mac құрылғылары үшін қажет талаптар: Apple Silicon негізіндегі MacBook Air (2020 жылдан бастап); Apple Silicon негізіндегі MacBook Pro (2020 жылдан бастап); MacBook Pro 16″ (2019 ж.); MacBook Pro 13″ (2020 ж., 4 Thunderbolt 3 портымен); iMac (2020 жылдан бастап); Mac mini (2020 жылдан бастап); Mac Studio (2022 жылдан бастап); Mac Pro (2019 жылдан бастап).
iPadOS 26 қолдайтын iPad үлгілері: iPad Pro (M4), iPad Pro 12,9″ (3-буын және жаңалары); iPad Pro 11″ (1-буын және жаңалары); iPad Air (M3/M2), iPad Air (3-буын және жаңалары); iPad (A16), iPad (8-буын және жаңалары); iPad mini (A17 Pro), iPad mini (5-буын және жаңалары).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.