Cybernews сарапшыларының мәліметінше, 16 миллиардқа жуық пайдаланушының логині мен құпиясөзі хакерлік шабуылдар, зиянды бағдарламалар мен фишинг арқылы ұрланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Интернетте 30-ға жуық ірі дерекқор жарияланған. Олардың әрқайсысында миллиондаған аккаунт мәліметтері бар.
Хакерлік шабуылдан Apple, Facebook, Google, Telegram секілді ірі платформалардың қолданушылары да зардап шеккен.
Сарапшылар барша интернет қолданушыларын қауіпсіздік шараларын күшейтіп, аккаунттарының құпиясөзін дереу ауыстыруға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.