Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көшеге 100 мыңнан астам адам шыққан. Олар премьер-министр Кир Стармердің саясатын сынап, елдегі көші-қонға шектеу қоюды талап етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаланың орталық көшелерінде жаппай тәртіпсіздік болып, 25 адам қамауға алынды.
Мигранттарға қарсы наразылық Саутпорттағы қанды оқиғадан кейін өршіді. Шілде айының соңында белгісіз жігіт балалар би студиясына пышақпен баса-көктеп кірген.
Қайғылы оқиға салдарынан үш қыз көз жұмып, бірнеше адам жараланды.
Полиция 17 жастағы күдіктіні ұстады. Әлеуметтік желіде оның мигрант екені жайлы ақпарат тарады. Бірақ тергеуде оның Британия азаматы екені анықталды.