Қытайда әлемдегі ең қуатты ұшатын жел генераторы S1500 моделі сынақтан сәтті өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жерге орнатылып, жел диірмендеріне ұқсайтын кәдімні турбиналардан айырмашылығы, S1500 аспанға гелий толтырылған қабықшалар арқылы көтеріліп, энергияны аса берік кабельдер арқылы жерге жеткізе алады.
Басылым құрылғының нақты қандай биіктікке көтерілгенін айтпағанымен, алдыңғы үлгінің сынақ ұшуы кезінде бір километр биіктіктен 100 киловатт энергия берілгені тіркелгенін атап өтеді.