Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресейге ресми сапармен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көпжылдық достық, өзара құрмет пен түсіністік дәстүрлеріне негізделген қазақ-ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ү.ж. 12 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.