Ыстамбұлда Maydonoz Döner дөнер желісіне қатысты террорлық ұйыммен байланысы бар деген күдікпен жүргізілген операция барысында 32 адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
TRThaber мәліметінше, тергеу нәтижесінде компания есепшоттары арқылы ұйым мүшелеріне қаржылай қолдау көрсетілгені анықталды. Жергілікті Қаржы мониторингі агенттігі 74 филиалдың 29-ы тіркелмеген серіктестер арқылы жұмыс істеген дейді.
Операция Ыстамбұлмен қатар бірнеше қалада бір уақытта өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз