Донецк облысының Покровск ауданындағы Мирноград қаласының шетінде ресейлік әскер бөлімдері байқалды. Аймақта ұрыстар жүріп жатыр. Бұл жайлы УНИАН хабарлады.
Украинаның «Восток» әскер тобы байланыс басқармасы өкілі Григорий Шаповал телемарафон эфирінде жағдай қиын екенін мәлімдеді. «Өкінішке қарай, қазір жау Мирноградтың шетіне кіріп үлгерді. Олар артиллерия мен дрондардан бөлек, жаяу әскер мен бронетехниканы да пайдаланып жатыр», – деді ол.
Шаповалдың айтуынша, Қорғаныс күштері позицияларын ұстап қалуға тырысып, бекініс нысандарын тұрғызуда. «Жағдай өте ауыр, қазір қала ішінде кескілескен шайқастар жүріп жатыр», – деп қосты ол.