Ресми Анкара бұл шабуыл аймақты тұрақсыздандыру мен арандатушылық деп сипаттап, Израильдің бұл әрекеті халықаралық құқықты өрескел бұзу екенін мәлімдеді.
Түркия бұл соғысты тоқтатудың жалғыз амалы дипломатия екенін тағы бір мәрте еске салды
Түркия президенті халықаралық қауымдастық Израиль тарапынан жаһандық және аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған агрессияны тоқтататын кез келгенін айтты.
«Нетаньяху мен оның қырғындарды ұйымдастырушы тобының бүкіл аймақты отқа орап жатқан шабуылдарының жолын кесу қажет. Бүгін біз Таяу Шығыста қантөгіс, қирау және қақтығыстың одан әрі жалғасқанын қаламайтынымызды тағы бір мәрте мәлімдейміз», – деді Реджеп Тайып Ердоған.
Израиль шабуылынан кейін Түркия өз ішінде қауіпсіздік шараларын шұғыл күшейтті. Түркия қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Бас штаб бастығы генерал Метин Гүрак және Ұлттық барлау қызметінің жетекшісі Ибрагим Калын қатысқан шұғыл қауіпсіздік жиыны өтті.
«Біз жағдайды барлық қырынан тиісті мекемелермен бірге талқыладық. Қауіпсіздік шаралары ең жоғарғы деңгейде қабылданды. Иран, Ирак, Иордания, АҚШ және өзге де елдермен байланыс орнатып жатырмыз. Қазір барлық түрік әуе компаниялары Ирак, Иран, Сирия және Иорданияға рейстерді 16 маусымға дейін тоқтатты. Бұл аймақтағы тұрақсыздыққа жауап ретінде қабылданған шара», – деп мәлімдеді Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.