in

Түркияның оңтүстік-батысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның Мұғла қаласына қарасты Көйджегиз ауданында 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар және апат салдарын жою басқармасының (AFAD) ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жер дүмпуі сағат 06:40-та тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Көйджегиз ауданы болған, ал тереңдігі 12,04 шақырым екені анықталды.