Салдарынан 16 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды. Сакарья мен Биледжик аймақтарында қызыл жалын 35 шаршы шақырымнан астам аумақты шарпыған. Биледжик облысының Османели ауданында бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оттың өршуіне аптап ыстық пен екпінді жел себеп. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрінің айтуынша, өртке қарсы күреске мыңнан астам маман мен ондаған техника тартылған. 15 қазанға дейін жоғары дайындық режимі енгізілді. Сонымен қатар тұрғындардың орман алқаптарына кіруіне уақытша тыйым салынды. Мамандар алдағы аптада ауа температурасы жоғарылап, желдің екпіні күшейетінін ескертті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.