in

Түркиядағы жер сілкінісінен 187 адам зардап шекті

Түркияның Малатия провинциясында болған жер сілкінісінен 187 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Түркия Республикасының ІІМ басшысы мәлімдеді.

– Түркияның шығысында орналасқан Малатия провинциясындағы жер сілкінісінен 187 адам зардап шекті. Олардың 43-і қатаң бақылауда, – деп мәлімдеді ол. 

Бұған дейін Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлаған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.