Исламабад АҚШ президенті Дональд Трампты Пәкістан мен Үндістанды татуластырғаны үшін 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды.
Сонымен қатар Құрама Штаттар президентінің аймақтағы тұрақсыздыққа себеп болып отырған Джамму мен Кашмирге қатысты дауды шешу туралы ұсыныстарын жоғары бағалады.
«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Джамму мен Кашмирге қатысты қарары орындалмайынша, Оңтүстік Азияда мызғымас бейбітшілік орнамайды», – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ Исламабад Трамп Израиль мен Иран арасындағы жанжалды, Газа секторындағы гуманитарлық қасіретті де шешеді деп үміттенеді.
2025 жылғы 7 мамырда түнде Үндістан армиясы «Синдур» операциясын бастап, Пәкістанға соққы берді. Екі ел арасындағы қарулы текетірес бірнеше күнге созылды. 10 мамырда Трамп Пәкістан мен Үндістан, Вашингтонның араласуымен, атысты доғаруға келіскенін мәлімдеді. 12 мамырда Үндістан премьері Нарендра Моди әскери операциясын аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.