Камбоджа мен Таиланд арасындағы жағдайдың ушығуынан Таиланд туризмі құлдырауы мүмкін.
Қазір Таиландтың Трат және Чантабури провинцияларында қақтығыс жалғасып жатыр. Таиланд оған әскери теңіз күштерін жұмылдырған. Бұл аймақтар Бангкоктан 200, ал танымал Паттайя курортынан 150 шақырым ғана қашықтықта орналасқан.
Екі ел арасындағы жағдай 23тшілде күні шекара маңында ушыққан болатын. Соңғы шабуыл салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапты.
Сондай-ақ шекара маңындағы 130 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Білім беру мекемелері жабылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.