Шешім екі ел арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты қабылданған. Оқу тек жағдай тұрақтанған соң ғана жандандырылмақ. Әзірге оқушылар мен олардың отбасылары қауіпсіз аудандарға көшірілген, – деп хабарлайды Аikyn.kz 24.kz -ке сілтеме жасап.
Еске салайық, екі ел арасындағы қатынас жер таласына байланысты ушықты. 800 шақырымдық шекарада даулы аудандар бар. Қос мемлекет те оларды өзінің аумағы санайды.
Таиланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіске шілденің 23-і күнгі оқиға себеп. Ол кезде шекара маңын күзеткен тай сарбаздары минаға жарылып, 5 жауынгер жараланған еді. 24 шілде күні таңертең екі елдің әуе күштері бір-бірінің аумағын атқылады.
Соңғы ақпараттар бойынша, қарулы қақтығыстан 14 адам қаза тапты. Құрбандардың біреуі – тай сарбазы. Қалғаны – бейбіт тұрғын. Тағы ондаған адам жарақат алған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.