Рим Папасы үйінің бастапқы бағасы – 250 мың доллар. Сауда ертең жеке аукцион форматында өтеді.
Бұл баспана қаңтарда да сатылымға қойылған болатын. Алайда америкалық кардинал Роберт Франсис Прево Рим Папасы болып сайланғаннан кейін үйге қызығушылық күрт артқан.
Қазір оған діни қауым өкілдерімен қатар, сирек мүлік іздеген коллекционерлер де қызығушылық танытуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.