28 қыркүйекке қараған түні Ресей Украинаға жаппай әуе шабуылын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Әуе күштерінің мәліметінше, барлығы 643 әуе шабуыл құралы қолданылған: 593 Shahed және өзге дрондар, 38 Х-101, 8 «Калибр», 2 «Кинжал» зымыраны және 2 реактивті дрон.
Украина әуе қорғанысы 611 нысанды атып түсіргенімен, 5 зымыран мен 31 дрон түрлі нысандарға тиді. Нәтижесінде Киев пен Киев облысында қатты қираулар тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, 4 адам қаза тауып, олардың ішінде 12 жастағы қыз бар, тағы 30-дан астам адам жараланды.
Президент Владимир Зеленский бұл шабуылға жауап ретінде Украина қарсы соққылар жасайтынын мәлімдеді.