Бұл қадам екі ел арасындағы жаңа сауда келісімінің аясында жүзеге асып отыр. Уағдаластыққа сай ресми Исламабад Америкадан 1 миллион баррель сатып алды.
Құжатта, сондай-ақ мұнай кен орындарын бірлесіп игеру қарастырылған.
Айта кетейік, келісім президент Дональд Трамптың Пәкістан экспортына жоғары баж салығын салатыны жайлы ескертуінен кейін жасалды. Қара алтын Хьюстон портынан Карачи қаласына қазан айының екінші жартысында жөнелтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.