in

Президенттер Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсіміне қатысты

Салтанатты рәсім Әулие Петр алаңында өтті. Оған  50-ге жуық елдердің басшылары жиналды. Олардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский де болды, – деп хабарлайды ВВС агенттігігі.

Шіркеулік қызметті кардиналдар алқасының деканы Джованни Баттиста Ре басқарды. Жергілікті халық салтанатты рәсімді металл қоршаулардың сыртынан бақылады.

Сондай-ақ Рим қаласында орнатылған үлкен экрандар арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Францисктің денесі 3 күн бойы Әулие Петр шіркеуінде тұрған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.