Көк үй деп аталатын нысан Сеулдің солтүстік бөлігінде орналасқан.
Айта кеткен жөн, бұрынғы мемлекет басшылары да сонда жұмыс істеген. 2022 жылы мемлекет басшысы Сеулдің орталығындағы қорғаныс министрлігінің ғимаратына көшіп, халыққа жақын болғысы келгенін айтқан. Бірақ бұл шешім көбінің көңілінен шықпады. Себебі осы жерде көлік көп кептеліп, тұрғындарға қолайсыз болған.
Билікке келген жаңа президент ескі үйге көшетінін айтқан еді. Қазір Көк үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.