in

Нигерияда су тасқынынан 151 адам қаза тапты

Агенттік директоры Ибрагим Хуссейни журналистерге берген мәлімдемесінде, Мокова ауданында нөсер жауын салдарынан болған тасқыннан 3000-нан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болғанын айтты. Оның айтуынша, 11 адам жарақат алған, ал жүздеген үй су астында қалған.

Нигерия президенті Бола Ахмед Тинубу зардап шеккен аймақтарда құтқару және гуманитарлық операцияларды күшейту туралы тапсырма берді. Бұл тапсырма Ұлттық төтенше жағдайлар агенттігіне (NEMA) және күштік құрылымдарға бағытталды.

Тропикалық климаттық аймақта орналасқан Нигерия жауын-шашынның мол түсуімен жиі бетпе-бет келеді. Елдің Су ресурстары министрлігі бұған дейін бірнеше аймақта нөсер жауын мен тасқын қаупі туралы ескерту жасаған болатын.

Өткен жылы да осындай ауа райы жағдайларынан 1235 адам қаза тауып, 1,2 миллионнан астам тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.