in

Мьянмада зілзаладан зардап шеккендер көмек ала алмай отыр

Табиғат апатына байланысты Ұлттық бірлік үкіметі мен әскерилер екі аптаға атысты тоқтатуға келіскен. Бірақ БҰҰ-ның өкілдері бітімнің бұзылғанын хабарлайды. 28 наурызда Мьянмада жойқын зілзала болды. Соңғы мәлімет бойынша 3 мың 300 адам көз жұмды. Қазір халықаралық ұйымдар мен әлем елдері мемлекетке көмек жіберіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз