in

Иран мен АҚШ келіссөздері кейінге қалды

Басқосу 3 мамырда Римде өтуі тиіс болатын. Алайда логистикалық қиындықтарға байланысты басқа күнге қалды. Жаңа жиынның уақыты әзірге белгісіз. Енді Иран делегациясының Германия, Ұлыбритания және Франция өкілдерімен бүгін болатын  кездесуі де өтпейтін болды. 

Айта кеткейік, Оман билігінің арағайындығымен Тегеран мен Вашингтон бұған дейін 3 рет тікелей емес келіссөздер өткізген. Екі раунды Оманда, тағы біреуі Италияда өткен. 

Иран Америкадан  санкцияларды алып тастауды талап етеді. Талап орындалса Тегеран 10 жыл бұрын Вена келісімінде белгіленген межеге дейін уран өндіруді азайтпақ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.