in

Иран АҚШ-қа дипломатиялық келіссөздерде сенбейтінін мәлімдеді

Иран сыртқы істер министрі Аббас Эракчи NBC News-ке берген сұхбатында АҚШ-тың Израиль шабуылынан кейін де қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге мүдделі емес екенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Оның сөзінше, АҚШ тарапынан жасалған әрекеттер – «дипломияға жасалған сатқындық».

Иран сыртқы істер министрі Женевадағы еуропалық ресми тұлғалармен кездесуден кейін, АҚШ-пен ядролық келіссөздер қарсаңында Израильдің Иранға әуе шабуыл жасағанын еске салып, «бұл жағдайда АҚШ-қа сену қиын» деді.

Министр Иранның келіссөздерге дайын екенін, бірақ ол үшін Израиль шабуылдарын тоқтату қажет екенін айтты. Сондай-ақ, Иран уранды бейбіт мақсатта байыту құқығынан бас тартпайтынын нақтылады.

А. Эракчи АҚШ президентінің өкілімен келіссөздер барысында берілген уәделер орындалмағанын, сондықтан екі тарап арасында сенімнің жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ әскери шабуыл жасаған жағдайда Иран өзін қорғап, жауап қайтаратынын ескертті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз