Жергілікті билік мәліметінше, магнитудасы 6,9 балдық дүмпудің салдарынан кемінде 22 адам көз жұмған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Зілзала елдің орталығындағы Висай аралдарында болды. Қуатты дүмпулерден кейін бірнеше тұрғын үй қирап, аймақтың бір бөлігінде электр жарығы сөніп қалған.
Сейсмологтер негізгі жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6 балға дейін жететін афтершоктар тіркелгенін, дегенмен цунами қаупі жоқ екенін айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.