Жоба амниотикалық сұйықтықпен толтырылған жасанды жатыр модуліне негізделген. Онда эмбрион дамып, табиғи жүктілікке еліктейтін арнайы түтік арқылы қоректік заттарды алады.
Стартаптың бас директоры және негізін қалаушы доктор Чжанның айтуынша, құрылғы жануарларда сынақтан сәтті өтті. Роботтың өзі 2026 жылы нарықта шамамен 100 000 юань (шамамен 14 000 доллар) бағада болады. Технология балалы болғысы келетін, бірақ биологиялық жүктіліктен аулақ болуға тырысатын жастарға, бала көтере алмайтын отбасыларға, сондай-ақ жалғызбасты адамдарға арналған.
Бұл жоба қытайлық әлеуметтік желілерде қызу реакция тудырды. «Әлемдегі бірінші жүкті робот» сұрауы бойынша Weibo іздеу рейтингінде көшбасшы болды. Пікірлер екіге бөлінеді: даттаушылар технологияны сынап, маңыздылығы төмен деп атаса, жақтаушылар оны әйелдерді жүктілік кезіндегі физикалық қиындықтардан арылту әдісі деп санайды.
– 2020 жылда Қытайда бедеулік 18 пайызға жеткенін және елде суррогат анаға тыйым салынғанын ескерсек, мұндай технологияға сұраныс өте жоғары болуы мүмкін, – деп жазды Interesting Engineering.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.