Нидерланд астанасындағы жиынға Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 32 елдің басшылары қатыспақ.
Күн тәртібінде қаралатын басты тақырып: қорғаныс саласын қаржыландыруды арттыру. Яғни НАТО елдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығынын 2035 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Алайда саммитке Жапония мен Оңтүстік Корея басшылары қатыспайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ АҚШ Президенті Дональд Трамп қатыса ма жоқ па, ол да белгісіз. Шара қарсаңында Гаагада қауіпсіздік мейлінше күшейтілді. 27 мың полиция қызметкері мен 10 мың әскери көшелерді күзетіп жүр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.